Preview

Медицина және экология

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2018)

ОБЗОРЫ ЛИТЕРАТУРЫ 

8-22 130
Аннотация
Ұсынылған әдебиет шолуында жалпы ағзадағы және жүктілік кезіндегі темір алмасуының негізгі мәселелері мен бұған қазіргі заманғы көзқарас берілген. Жүктілік кезіндегі анемияның даму механизміне әртүрлі көзқарастар ұсынылып, анемияның қорғаныш ролі атап көрсетілген, сол сияқты жүктілік кезіндегі анемия түрлері, олардың диагностикалық өлшемдері мен түзету әдістері берілген. Сол сияқты анемия диагностикасындағы эритропоэтин мен гепсидин роліне талдау жасалған, соның ішінде жүкті әйелдердегі анемия түрлері талданған. Гипоксия деңгейіне адекватты емес өз эритропоэтинін әзірлеу анемияның туындауына әкелуі мүмкін екені дәлелденген, ал гепсидин ролі анемия дамуымен темір алмасуы параметрлеріндегі клиникалық бұзылушылықтармен байланысты. Анемиясы бар жүкті әйелдердің эритроциттері мен қан плазмасындағы қышқылдандырушы метаболизм тақырыбы сөз болған. Қандағы ең белсенді антиоксидантты белок болып табылатын гемоглобин, кислородтың бос радикалдарының әрекетін бірінші сынайды. Пероксидация үдерістері метгемоглобин құралуымен гемдегі темірдің қышқылдануына әкеледі, ол кислород тасымалдаушысы роліне мүлдем қабілетсіз.
23-29 125
Аннотация
Адам ағзасында тіс кіреукесі ең қатты тін болып есептеледі. Кемелденген кіреуке - бұл жансыз тін және минералдардың үлкен жоғалтуынан кейін қалпына келтіру мүмкін емес, көбінесе тістотық пен эрозиядан кейін пайда болады. Кіреукені қайта қалпына келтіруге бағытталған күштерге қарамастан, бастапқы тіс жегінің зақымдануының алдын алу және емдеу және субмикрометриялық эрозия әлі күнге дейін негізгі клиникалық мәселелер болып отыр. Қазіргі уақытта бұл зақымданулар өзгертілген тіндерді алып тастау және қалпына келтірілген қуысты қалпына келтіретін материалдармен толтыру арқылы өңделеді. Дәстүрлі емдеудің әлеуетті баламасы ретінде биомиметикалық тіс кіреукесін қайта қалпына келтіру табиғи кіреукенің бетіне сенімді байланыстыру арқылы апатиттің кіреукенің имитациялық кристалдарын қалпына келтіруі мүмкін. Соңғы зерттеулерде қазақстандық зерттеуші Б. А. Айтуов остеогенездегі кіреукені қалыптастыруда негізгі рөл атқаратын адамның амелогенин протеинінің био-үйлесімді синтетикалық үйлестігін тіс кіреукесінің ошақты минералсыздануды емдеуге арналған инвазивті емес препарат әзірледі. Алайда, бұл техникада жануарларға зерттеулер өткізілген жоқ және кіреукені регенерациялау процестеріне клиникалық деректер жеткіліксіз және морфологиялық негіздемесі аз. Сондықтан осы шұғыл мәселенің шешімі осы препараттың әсерінен тістің кіреукесінде болатын процестерді егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді.
30-39 101
Аннотация
Өңеш обыры әлемдегі қатерлі ісіктердің арасындағы өлім-жітім құрылымында алтыншы орында және ең агрессивті оқшаулау қатерлі ісігіне жатады. Обырды зерттеу халықаралық агенттігі (International Agency for Research on Cancer) хабарламары бойынша 2008 жылға 100 мың халыққа 49,2 аурушандық болды, өлім-жітім саны - 100 мың халыққа 34,3 және әлемде онкологиялық аурулардың арасында 9-орынды алады. Өңеш обырының жоғары аурушандық корсеткіштері Қытайдың солтүстік аудандарында, Иран, Моңғолияда, ТМД елдері арасында - Қазақстан мен Қырғызстанда. Сонымен қатар, обырдын жоғары жиілігі кейбір Еуропа елдерінде - Франция (Бретань провинциясы), Швейцария, Финляндияда сақталады. Өңеш обыры Ресейде 2-5 үлес салмағымен14-орынды алады және онкологиялық патология құрылымында 1000 мың халыққа 6,7-ні құрайды. Қазақстан Республикасында өңеш обырының аурушандығы жоғары деңгейде сақталып отыр, 100 мың халыққа шаққанда 7,7 құрай отырып, Ресей Федерациясының 1,2 есе көп. Ресейдегі халықтың саны Қазақстаннан 10 есе артықтығына қарамастан. Қазақстанда осы патология бойынша өлім-жітім 5,8%-ды құрай отырып, 4-орында. Қарағанды облысындағы өңеш обырының аурушаңдық көрсеткіштері 100 мың халыққа 8,8 тең, бұл Республика қарағанда 1,3 есе жоғары.
40-48 112
Аннотация
Шолу мақаласында алиментарлық-тәуелді жұқпалы емес сырқаттардың өзекті мәселелерінің бірі бойынша халықаралық және отандық авторлардың зерттеу нәтижелерін талдау көрсетілген. Созылмалы жұқпалы емес сырқаттардың үлкен тобының пайда болуында тамақтанудың орны неғұрлым нақты белгіленген. Тамақтану мен өмір салтының тез эволюциялық емес өзгеруінде басты фактор болып табылатын сырқаттар санының өсуі көрсетілген. Тамақтануды ғана емес, сонымен қатар тағамды таңдау стереотипін өзгерткен негізгі себептер болып табылатын индустрияландыру, урбанизация және тамақтану мен қызметтер нарығының жаһандануы дамушы елдер тұрғындарының арасында да созылмалы жұқпалы емес сырқаттардың таралуының үздіксіз тенденциясы белгіленген. Отандық және шетелдік авторлардың зерттеу метариалдарын талдау көптеген алиментарлық-тәуелді сырқаттардың басқарылатын патологияға жататынын көрсетеді. Олардың пайда болуы айқын себептермен анықталады және олардың профилактикасының стратегиясының тәжірибелік көрінісі бар. Дегенмен профилактикалық тамақтанудың принциптерін кеңінен енгізу күрделілігінің болуы бұл мәселені тез және тиімді шешуге мүмкіндік бермейді. Бұл үшін алиментарлық-тәуелді сырқаттар мәселелерін шешуге, сонымен қатар әрбір адамға салауатты тамақтану мен өмір салты білімі мен практикалық дағдыларын енгізуге жалпы-мемлекеттік бағыт талап етіледі.

ЭКОЛОГИЯ И ГИГИЕНА 

49-54 145
Аннотация
Жүректің туа біткен ақаулары балалардың арасында кеңінен таралған ақаулардың бірі болып табылады. Перзентханаға дейінгі кезеңдегі қатер факторларына ананың соматикалық аурулары, жиі орын алған вирус инфекциялары, жүктілік болмауы, өздігінен болатын түсіктер, өлі ұрық жатады, перзентхана кезеңіне -соматикалық аурулардың өршуі, жүктілік өтуінің асқынуы, вирустық инфекциялар, жеткіліксіз медико-генетикалық консультация, сол сияқты қатер тобындағы әйелдердің ультрадыбыстық зерттеулерден өту саны мен диагностикалық шешілуі, ұрықты зерттеудің қазіргі заманғы функционалдық әдістерін қолданудың жетіспеушілігі жатады. Жүректің туа біткен ақаулары әдетте басқа да органдар мен жүйелердің дамуындағы ақаулармен құрамдас болып келеді. Ұсынылған жұмыста ретроспективті түрде 2014 - 2016 жж. кезеңіндегі 213 ауру тарихына талдау жасалған, соның ішінде Қарағанды қаласының облыстық перинаталдық орталығында босанудың үшінші деңгейінде жүректің туа біткен ақауымен дүниеге келген сәбилердің 97 туу тарихына, алмасу карталары, Петропавл, Қарағанды және Балқаш қалаларының перзентханаларында босанудың екінші деңгейінде жүректің туа біткен ақауымен дүниеге келген сәбилердің 116 туу тарихына талдау жүргізілген. Жүректің туа біткен ақауларына келесі қатер факторлары әсер етуі мүмкін екені атап көрсетілген: босанатын әйелдердің жас факторы (35 жастан асқан әйелдер, 30 жастан асқан әкелер), инфекциялық аурулар, әйелдердің соматикалық статусы, жүктіліктің патологиялық ағымы, тұқым қуалау факторы, зиянды әдеттер, экологиялық жағдай және т. б.
55-58 96
Аннотация
137 жақын 3 жастан 16 жасқа балалар тексерілді. Тенотен дәрілік затымен жүргізілген емдік терапия жалпы адаптациялық синдромның қолайлы ағымының болуына қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігі зерттеу барысында дәлелденді.

КЛИНИЧЕСКАЯ МЕДИЦИНА 

59-62 120
Аннотация
Мақалада 2011-2016 жылдарда Қарағанды қаласының КМК «ОКБ» торакалды бөлімшесінде асқынған өкпенің іріңдеуі диагнозімен стационарлық емделуде болған пациенттердің емдеуі сипаттаған. Алынған деректердің анализі жүргізілді. Әлемдік әдебиеттімен салыстыру мақсатымен зерттеген мәліметтер әдебиеттік талдауларда ұсынған мәліметтермен салыстырылған.
63-67 116
Аннотация
Зерттеудің мақсаты: тізе үсті сүйегінің көлденең сынығының сүйек арқылы остеосинтездеу әдісін жетілдіріп, оны клиникалық апробациядан өткізу. Құралдар мен әдістер: Зерттеуге тізе үсті сүйегі сынған 48 науқас қатысты, жастары 18-77 жас. Ем түріне байланысты барлық науқастар екі топқа бөлінген: негізгі және салыстыру топтары. Бірінші және екінші топта 24 науқастан. Негізгі топтағы науқастар жетілдірілген сүйек арқылы остеосинтездеу әдісімен емделді. Салыстыру тобындағы науқастарда ашық әдіспен жасалатын оперативтік (ішке енгізіліп жасалатын) ем түрі қолданылды. Екі әдісті салыстыра отырылып бағаланған көрсеткіштер асқынулардың жиілігі мен құрылымдары, ем ұзақтықтары және клиникалық-функционалдық нәтижелер. Зерттеу нәтижелері: Негізгі топтағы жалпы асқынулар саны 12,5%, салыстыру тобында - 41,7% (p=0,040). Амбулаторлы ем ұзақтығына байланысты негізгі топ ұтып отыр 2 есе, стационарлы ем - 71,4% (p<0,001). Негізгі топта науқастар емінің нәтижелері тек жақсы - 79,2% және қанағаттанарлық - 20,8% деп бағаланды. Салыстыру тобында жақсы нәтиже 58,3%, қанағаттанарлық 33,3% және асқынумен - 8,3% (p>0,05). Қорытынды: Тізе үсті сүйегі сынықтары кезінде сүйек арқылы остеосинтезді қолданса, ашық ішке енгізуші оперативтік еммен салыстырғанда жалпы асқынулар жиілігі. Сүйек арқылы остеосинтезді қолданғанда науқастардың жалпы ем ұзақтықтары стационарлық және амбулаториялықтың да есебінен азаяды. Емнің функционалдық нәтижесі біз ұсынған әдіс кезінде ашық оперативтік әдіспен салыстырғанда жақсырақ.
68-71 131
Аннотация
Сепсиспен ауырған балалардың әр түрлі гестациялық жас ерекшеліктеріне орай кездесу жиілігі және аналарындағы жүктілік кезіндегі сепсис дамуына ықпал жасайтын, жиі кездесетін қауіп факторларын анықтау. Анасының жүктілік ағымы кезінде қандай да бір ың ұрыққа әсерін беріп мерзіміне жетпей туылуына және мерзіміне жетіп туылған нәрестелерде алғашқы 72 сағат ішінде дамитын сепсис сырқатына тікелей әсер беретіні анықталды.
72-76 127
Аннотация
Облыстық медициналық орталық пен Медициналық оңалту орталығының оңалту бөлімшесінде емделіп жатқан неврологиялық және нейрохирургиялық профильдегі науқастарды оңалтудың дәрілік және физикалық әдістерін қолданумен қалпына келтірудің нәтижелеріне талдау жасалған. Емдеудің нәтижелері аурудың кезеңділігі мен фазаларын ескере отырып, тиісті уақытында жасалған оңалту іс-шараларының кешенді емдеуінің тиімділігін айғақтайды.

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ И ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬНАЯ МЕДИЦИНА 

77-80 118
Аннотация
Мақсатыі: Қазақстан аумағынан жиналған қақырық түсіретін тасшөп жебірдің ( Thymus serpyiium L.s.l.) екі химотиптерінен алынған сумарлы құрғақ экстрактілерінің белсенділігін зерттеу. Материалдары мен әдістері: Қарағанды облысы Кернеу және Қарқаралы ормандарынан жиналған тасшөп жебірдің екі химотиптерінен алынған сумарлы құрғақ экстрактілерінің қақырық түсіретін әсерлерін бағалауға бақаның өңеш кірпікшелі эпителийлерінің моторлық қызметін зерттеу үшін В. В. Гацура әдістемесі қолданылды. Эксперименттік жұмыс күзгі бақаға Rana Temporarea жүргізілді. Нәтижелері мен талдау: Қарқаралы орманында таралған тасшөп жебірдің құрғақ суммарлы экстрактінің қақырық түсіретін белсенділігі осында әсер көрсететін Бронхикум С шырынымен салыстыруға болатынын, ал Кернеу орманынан жиналған тасшөп жебірдің құрғақ суммарлы экстрактінің қақырық түсіретін әсері анағұрлым байқалғандығы анықталды. Қорытынды: Қарқаралы ормандарында өсетін тасшөп жебірдің құрғақ суммарлы экстрактісі қақырық түсіретін белсенділігі бар отандық дәрілік зат алу үшін перспективті субстанция болып табылады.
81-83 101
Аннотация
Мақалада зертханалық жануарларға морфометриялық талдау жүргізу жолымен нефропексияны моделдеу кезінде децеллюляризирлы ксеноішпердені және ішперде-фасционалды кесіндіні қолданумен бүйрек маңындағы тінге талдау ұсынылған. Мақалада келтірілген нәтижелер науқастарды хирургиялық жолмен емдеудегі барынша оңтайлы әдіс децеллюляризирлы ксеноішпердені қолданумен нефропексия болып табылатынын анық көрсеткен.
84-89 92
Аннотация
Имплантатқа алмалы-салмалы конструкцияларды тік-жанама әдіспен орнату әдістемесінің техникалық нәтижесі болып, тіс қатарын толық қалтына келтіру, көршелес тістердең конвергенцисымен қосылған аңаудан тіс кызылиекті ішке жағынан толтырық қалпына келтіру болып табылады. Қызыл иектін ішке жағының жағдайын бағалау мақсатында жасанды қаптамаларды әртурлі әдіспен орнатуда 2 топта салыстырмалы гистологиялық зерттеу жүргізілді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАСЫ 

90-92 107
Аннотация
Халықтың денсаулығын жақсартуға, әсіресе, алғашқы медициналық-санитариялық дәрігерлердің тиімділігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Жалпы тәжірибе дәрігерлері емдеу үдерісімен бірге профилактикалық іс -шараларды жүргізеді. Созылмалы ауруларды дамыуындағы басты факторлар - өмір салты мен тамақтану. Бұл мақалада дәрігерлік және профилактикалық тамақтану міселесі бойынша жалпы тәжірибе дәрігерлерінің біліктілігін арттыру қажеттілігіне назар аударылады.
93-104 120
Аннотация
Мақалада Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының классификацияларының бірі - Жұмыс істеудің халықаралық классификациясы, өмір сүру мен денсаулық шектеулері қарастырылған. 10 қайталап қарастырудың Халықаралық классификациямен байланысы көрсетілген. Классификацияда пайдаланылатын ұғымдар, сол сияқты осы құралды өз жұмысында қолдана алатын мамандар келтірілген. Ағзаның функциялары, құрылымдары, белсенділігі мен қатысуы сияқты домендер және қоршаған ортаның факторлары қарастырылған. Домендердің әріптік белгіленулері мен олардың сандық бағамдары келтірілген. Бұзылған функциялардың сапалық бағалауларының мүмкіндігі ғана емес, сол сияқты пайыздар түріндегі сандық бағамдары көрсетілген. Жұмыс істеудің халықаралық классификациясының әрбір нақты пациентті оңалту үдерісіндегі, сол сияқты ғылыми-зерттеу міндеттерін шешудегі, тұрғындар денсаулығының экономикалық және статистикалық талдауындағы, медико-әлеуметтік сараптама жүргізудегі ролін көрсетуге ерекше көңіл бөлінген.

МЕДИЦИНСКОЕ И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОЕ ОБРАЗОВАНИЕ 

105-111 122
Аннотация
Мақалада медицина жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіби шет тілдік құзыреттілігін қалыптастыруда инновациялық әдістерді қолданудың тиімділігі талданады. Ерекше көңіл глоссарий, кейс және тандем сияқты әдістерге бөлінеді. Глоссарийді құрастыру жазбаша тіл және ауызша сөйлеу тілін дамыту жұмысымен бекітіледі делінген, бұның барысында студент қандай да бір терминнің қызмет етуі туралы нақты ұғым қалыптастырады. Аталған шарттардың ескерілуімен глоссарийді құрастыру кәсіби шет тілдік құзыреттілікті қалыптастыру тұрғысынан студенттердің дербес жұмыс жасауларының тиімді түрі болып табылады. Сонымен қатар сөйлеу және тыңдап түсіну сияқты дағдылары деңгейінің жоғарылауына ықпалдасатын кейспен жұмыс жасау кезеңдері сипатталады. Тандем әдісі мақалада тандем-серіктестерінің экстралингвистикалық тәжірибеге үйренуіне ықпалдасатын және оқытылатын тұлғалардың кәсіби шет тілдік құзыреттілігін жаңа сапа деңгейіне көтеретін аудиторлық жұмыс түрі ретінде алғаш қаралуда.
112-116 108
Аннотация
Мақалада автор талданады көзқарас қазіргі заманғы оқыту тәсілдеріне сәйкес қор - ортопедтердің бар жақсы клиникалық және практикалық даярлауға мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша. Оқу бағдарламасының негізгі көрсеткіштері-бұл интеграция іргелі ғылымдар клиникалық тәжірибеге қолдану, оқытудың белсенді әдістері, негізделген тәсіл құзыреттілікке үздіксіз тарту білім алушылардың процесс күту, жақсартылған бағалау әдістері. Осыған байланысты, бағдарламаның басты мақсаты-медициналық білім беру резидент дағдысын дамыту болып табылады клиникалық және практикалық оқыту еңбек қызметінің барысында дәрігер.
117-120 114
Аннотация
Мақалада медициналық жоғарғы білім беруде біліктілік тәсілін қолдану принциптері талқыланады; біліктілік тәсілі негізінде оқу үдерісін құрудың технологиялық принциптеріне талдау берілген. Атап айтсақ, медицина жоғарғы оқу орнындағы кафедралардың түйінді біліктілік негізінде өзара қарым-қатынасының жүйесі талқыланады. Медицина жоғарғы оқу орнындағы жұмыс бағдарламасына түйінді біліктілік енгізу реті келтірілген.
121-124 111
Аннотация
Авторлар балалар хирургиядағы тыңдаушылардың өзіндік және оның ішінде оқытушымен бірге жұмыстарының бакалавриат, интернатура, резидентурада 86.7% тыңдаушыларда білімдік үдүрүстін деңгейіне ықпалы зерттелген. Педагогикалық процестің қолданылатын тұжырымдамасын оқыған кезде «жасырын қалаулар» компоненті анықталды (34,6%), ол табиғи және білімділік компоненттермен клиникалық ойлаудың дамуына әсер етті. Құзыреттілік матрицаны қайта ұйымдастырып және оқутышының компьютерінде е-папканы құрастырып автоматтандырылған жүйелердін (Platonus, Sirius) жеттілдіру ролін арттырып олардың ықпалымен тыңдаушылардың GPI (93.6%) көбейту көз қарасынан стартап-ойларға (133.3%) бағыттап инновациялық талаптарға сәйкес болуға үсыныс көрсетілді.
125-130 91
Аннотация
Бұл мақалада Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің кіші курс студенттерін оқыту барысында қолданатын қазіргі заманға сай оқыту әдістерінің бірі - пәнаралық оқыту ішінде қолданылатын клиникалық жағдай негізінде құрастырылатын CBL атты мысалы келтірілген. Мақала авторлары бұл жұмыста инновациялық оқыту әдістердін қолдануы ерте курстардан бастап студенттердің білім алуға деген қызығушылықтарының артуын, нәтижелі қарым-қатынастарды құрудын дағдыларын белсендетуге және клиникалық ой санасын қалыптастыруына үлкен ықпал ететінін дәлелдеген.
131-134 105
Аннотация
Мақалада психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар үшін «Психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтарының диагностикасында, терапиясы мен психокоррекциясындағы интегративті жүйелі ұстанымдар» оқыту семинарларының циклын енгізудің тәжірибесі баяндалған. Оқытатын бағдарламалар тыңдаушыларды ересектер психиатриясы, балалар психиатриясы, наркология, психотерапия сияқты әлеуметтік маңызды бағыттарда интегративті отбасылық жүйелі ұстанымның негізгі ұғымдарымен таныстырады.
135-138 116
Аннотация
Зерттеу мақсаты: «Клиникалық оқудың тиімділігінің құралы» (CTEI) сауалнамасының көмегімен әр түрлі деңгейде білім алушылардың сауалнама нәтижесі арқылы клиникалық оқытудың тиімділігін бағалау. Мәліметтер мен тәсілдері: сауалнама 78 студент, 48 интерн және 16 резидентке жүргізілді. Статистикалық өңдеу SPSS Statistics 20 бағдарламасының көмегі арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесі және талқылау: сауалнаманың 47,4% тармағында медиана 4 баллдан жоғары, сауалнаманың барлық тармақтарында медиана 3 баллдан асты. Білім алушылар ең жоғары баллды оқытуда тәжірибелік нұсқаулық, ұсыныстар, хаттаманы қолдану тармағы деп белгілесе, ең төменгі баллды «Оқу менің қажеттілік-теріме (тәжірибеме, қызығушылығыма, құзіреттілігіме) қарай реттеледі» тармағында анықталды. Білім алушылардың қанағаттанарлық жауабының жоғары пайызы (2І,8%) «Тиісті түрде көмек көрсетудегі экономикалық қағидаларды оқыту» сұрағында анықталды. Нәтижесі: сауалнама нәтижесі бойынша клиникалық оқудың тиімділігін әр түрлі деңгейдегі білім алушылар қанағаттанарлық деп бағалады. Тұрақты жүргізілетін кері байланыс білім алушылардың көзқарасы мен қажеттіліктерін ескере отырып білім алу үдерісін жоспарлауға және сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қорытынды: 1) сауалнаманың 47,5 % тармағы клиникалық оқудың тиімділігін бағалауда оң нәтиже көрсетті; 2) әр түрлі деңгейдегі білім алу саласындағы салыстырмалы талдау клиникалық оқудың жоғарғы нәтижесін резидентурада екенін көрсетті.
139-141 91
Аннотация
Мақалада «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған «Арнайы білім беру мекемелерінің гигиенасы» элективті пәні жұмыс бағдарламасына талдау ұсынылған. Жұмыс бағдарламасында Дублинді дескрипторға сәйкес оқытудың соңғы нәтижесін жүйелендіру, оқытудың мақсаты мен міндеттері анық қалыптастырылған. Кафедра оқытушылары студенттерді арнайы білім беру мекемелеріне апарып, сабақ жүргізеді.


ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)