Preview

Медицина және экология

Кеңейтілген іздеу

Философия медицина студенттері үшін қарапайым пән бе, әлде рухани білім алу ма?

Толық мәтін:

Аннотация

Болашақ медицина ғалымдарының арнайы дайындығын жетілдіре отырып, олардың гуманитарлық дайындығын түбегейлі өзгерту, әсіресе ғылыми-зерттеу және практикалық қызмет нәтижелерінің барлық ықтимал салдары үшін, олардың санасында ойлаудың философиялық мәдениетін және жеке моральдық жауапкершілікті арттыру өте маңызды. Философия ғылымының қазіргі студент үшін – қазіргі медицина ғылымын зерттейтін болашақ дәрігер үшін маңыздылығын анықтау қажет. Ұсынылған жұмыста болашақ дәрігерлер үшін философия ғылымының маңыздылығы мен мәнін дәлелдеуге тырыстық, өйткені философия бізді қоршаған әлеуметтік-мәдени шындық туралы кең әмбебап білім береді, адамға оның қазіргі әлемдегі орны мен рөлін түсінуге көмектеседі. Бұл мақала философия пәнінің медицина студенттері үшін мақсаты, маңызы, тигізетін әсері мен беретін білімін анықтау мақсатында жазылған. Анықтау барысында жүргізілген тәжірибелер мен зерттеулер, философия пәнінде қозғалатын тақырыптар мен жүргізілетін жұмыстар, сонымен қатар студенттердің белгілі бір тақырыпқа байланысты ой-толғаулары көрсетілген. Жалпы мақала жазу барысында біз философия пәні медицина студенттері үшін қандай рөл ойнайды, күнделікті жеке және кәсіби өмірде оның тигізетін пайдасы бар ма, жағымды және жағымсыз жақтары бар ма деген сұрақтарға жауап алуға тырыстық.

Авторлар туралы

Н. А. Мейрамова
Қарағанды медицина университетінің Қазақстан
Қазақстан

тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Қарағанды



А. Т. Бакирова
Қарағанды медицина университетінің Қазақстан
Қазақстан

тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Қарағанды



Әдебиет тізімі

1. Гегель Г. Философия истории / Г. Гегель. - Санкт-Петербург: Лань, 2017. - с.111-112

2. Хесс Р. 25 ключевых книг по философии / Хесс Р. – Москва.; 2015. - с. 102-105

3. Джонстон Д. Краткая история философии: от Сократа до Дерриды / Джонстон Д. - Москва.; 2014. - С. 80-86

4. Бакирова А.Т., Мейрамова Н.А. «Медицина и экология» // 2020. №3 (96) июль-сентябрь. - с.75-78. Караганда.

5. Разумов В.В. «Ещё раз о философии медицины», Фундаментальные исследования / Разумов В.В. 2011. - № 11(2). - с. 433-439.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мейрамова Н.А., Бакирова А.Т. Философия медицина студенттері үшін қарапайым пән бе, әлде рухани білім алу ма? Медицина және экология. 2022;(4):55-59.

For citation:


Meiramova N.A., Bakirova A.T. Is philosophy a common subject for medical students, or is it spiritual education? Medicine and ecology. 2022;(4):55-59. (In Russ.)

Қараулар: 171


ISSN 2305-6045 (Print)
ISSN 2305-6053 (Online)